Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда балалар қоғамдық көлікте тегін жүре ме – әкім жауабы

© Sputnik / Абзал КалиевОсенние улицы Нур-Султана
Осенние улицы Нур-Султана - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
Жазылу
2021 жылдың қаңтар-тамыз аралығында елордада балалар 8 миллион 300 мыңнан астам рет қоғамдық көлікті пайдаланған

АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қоғамдық көліктегі жол ақысына байланысты жазба жариялады. Оның сөзінше, қалада автобустар саны артты, ал кәмелетке толмағандар қоғамдық көлікте тегін жүреді.

"2020 жылдың наурызынан бастап кәмелетке толмағандарға жолда тегін жүру енгізілген. (...) Мектептен басқа оқушылар әртүрлі үйірме мен секцияларға қатысып, құрдастарымен кездесетінін ескерсек, бұл шара отбасылар үшін айтарлықтай қолдау болады деп ойлаймын. Кәмелетке толмағандар үшін қоғамдық көлікте жүру тегін", - деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

Әкімнің хабарлауынша, биыл 8 ай ішінде балалар карантинге қарамастан 8 миллион 300 мыңнан астам рет қоғамдық көлікке отырған.

Көлгіновтің сөзінше, жаңа оқу жылының офлайн форматта басталуына және демалыс маусымының аяқталуына байланысты жолдардағы трафик артады.

"Тұрғындардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деді Көлгінов.

Қазір қалада автобустар саны көбейтілді, күн сайын 850-ден астам қоғамдық көлік қатынайды. Қозғалыс кестесі қаралып, жаңа бағыттар іске қосылған.

Мысалы, №30 бағыт "Өндіріс" елді мекеніндегі қоғамдық көлік жұмысын жақсарту үшін іске қосылды. Ол Дауылпаз көшесіндегі №92 мектеп-лицейді (Б.Момышұлы даңғылы) және "Зеленый квартал" ТК ауданындағы жаңа мектепті қамтиды.

№4, 7, 17, 21, 23, 25, 40, 41, 48 маршруттарында жылжымалы құрам жаңартылды. Биыл қосымша 6 учаскеде автобус жолағы енгізілді.

Жаңалықтар
0