Елорда тынысы

Елорда тұрғындары базарға Ashyq арқылы кіргізіледі

© Sputnik / Владислав ВодневAshyq мобильді қосымшасы
Ashyq мобильді қосымшасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Жазылу
Бүгінде Ashyq жобасына "Әсем", "Әлем" сауда орталықтары, "Эталон" құрылыс базары қосылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанның жабық базарлары "Ashyq" жобасына қосылып жатыр.

Бұл коронавирустың таралу қаупін азайтуға, осылайша адамдарды қорғауға және базарлардың қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Адамдарды "Ashyq" қосымшасы арқылы кіргізетін нысандардың арасында  "Әсем", "Әлем" сауда орталықтары, "Эталон" құрылыс базары бар. Сондай-ақ "Шапағат", "Сарыарқа" және өзге де сауда орындары жобаға дайындалып жатыр.

"Біз кешеден бері "Ashyq" бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жұртшылық арнайы орнатылған тәртіп бойынша кіреді. Кіреберісте жиналып тұрмайды. Бүгіннің өзінде келушілер арасында 2 "сары",1 "қызыл" статусы бар адамдар анықталды. Өз тәжірибемізде мұндай үлкен нысанда да осы жүйе бойынша жұмыс істеуге болатынын көрсеткіміз келеді. Базар қызметкерлері де, келушілер де өзін қауіпсіз сезінуі үшін осы жүйені орнатқанын қалаймыз", — деді "Әсем" СО директоры Нұрлан Нұрмағанбетов.

Тағы оқыңыз: Цой карантинді бұзғандардың тізімін жариялауға не түрткі болғанын айтты

Бүгінде елордада "Ashyq" жобасына 2 200-ден астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

"Ashyq" мобильді қосымшасының арқасында 18 тұрғын "қызыл"статусы (ПТР сынамасы оң нәтиже көрсетті) бола тұра қоғамдық орындарға барғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, осы жылдың 2 тамызынан бастап "Ashyq" жобасына қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады. Бірақ бұл талап орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге, құқық қорғау органдарына, денсаулық сақтау ұйымдарына, БАҚ-қа, азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарына қатысты емес.

Жаңалықтар
0