06:32 25 Шілде 2021
Тікелей эфир
  • USD424.68
  • EUR499.76
  • RUB5.77
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (2528)
6599 0 0

Қазір ауруханаларда 2556 науқас ем қабылдап жатыр. Індетке шалдыққан 203 адам жансақтау бөліміне түскен

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Елорданың инфекциялық стационарларында науқастар көбейіп, орындар 72%-ке толды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты.

Қазір ауруханаларда 2556 науқас ем қабылдап жатыр. Індетке шалдыққан 203 адам жансақтау бөліміне түскен. Өте ауыр хәлде – 70 науқас, ал 47 адам жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған, деп хабарлады Хабар 24.

Сондай-ақ коронавируспен күресуге 16 инфекциялық стационар тартылған. Бүгінде 1006 төсек бос, оның ішінде 62-сі реанимациялық орын.

Тимур Мұратов мобильді бригадалар күніне 2 мыңнан астам шақыртуға баратынын тілге тиек етті. Ал алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында 11 мыңға жуық науқас ем алуда. Бұдан бөлек астанада ковидті анықтайтын зертханалар саны артты.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2528)
Загрузка...

Басты тақырып