16:07 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
394 0 0

Ер адам күндіз ломбард кассасына медициналық маска тағып барған. Ойыншық тапаншамен қорқытып, 200 мың теңге алып кеткен

АЛМАТЫ, 21 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда ойыншық тапаншамен қорқытып, ломбард тонаған ер адам ұсталды.

Жуырда "102" нөміріне  ломбард кассирі бірнеше минут бұрын белгісіз ер адамның тапаншамен қорқытып, тонап кеткенін хабарлаған. Ер адам 200 мың теңгені иемденіп, белгісіз бағытқа бой тасалаған.

Жәбірленушінің айтуынша, сағат 12.00-де медициналық маска таққан ер адам терезеге келіп, тапаншасын көрсеткен. Терезе арқылы целлофан пакетін беріп, "ақша, алтын, не бар – бәрін пакетке сал, әйтпесе өлтіремін" деп айтқан.

Содан кейін қыз ақшаны пакетке салып, қарақшының қолына ұстатқан.

Оқиға орнына жедел полиция жасағы келіп, күдіктінің жобамен түр-келбеті қандай екенін анықтады.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда дәмханаға кәуап жеуге келген жігіт пен қыз полициядан бір-ақ шықты 

Мамандар бейнекамераларды бақылау және қарау барысында күдіктіге ұқсас ер адамды байқаған. Видеоға оның асығыс кетіп бара жатқаны, байқатпай бір затты лақтырғаны түсірілген. Кейін сол жерден өтіп бара жатқан адам сол затты жерден көтерген, ол ойыншық тапанша болып шықты.

Күдікті сауда үйінің тұрағында ұсталды. Ол қала маңындағы ауылдың 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдікті өз кінәсін мойындап, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты тонау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кілт сөздер:
ломбард, тонаушылық
Загрузка...

Басты тақырып