Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда үлескерлер баспанасын 11 жыл күтті

© Sputnik / Абзал КалиевСтроительство зданий в столице
Строительство зданий в столице - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2021
Жазылу
Биыл елордада 60-қа тарта проблемалы көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Елорда күніне орай құрылысы ұзаққа созылған 10 нысандағы 21 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Олардың арасында "Жастар 4" тұрғын үй кешені де бар, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Үлескерлер бұл тұрғын үй кешенінің құрылысына 2010 жылы қаржы салған, ал 2015 жылы оның құрылысы мүлдем тоқтап қалған. "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2020 жылы нысандағы құрылыс-монтаждау жұмыстары қайта жанданды.

Бұл нысанның тек қаңқасы ғана бар болатын. Қалалық әкімдіктің уәкілетті ұйымы – "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС бірқатар жұмыс жүргізді.

Нысан техникалық тексеруден өтіп, қорытындысына сәйкес жұмыс жобасы әзірленді. Оның негізінде ғимарат конструкцияларын күшейту бойынша жұмыстар жүргізілді. Үй басынан бастап қайта салынды деп те айтуға болады. Терезелері орнатылды, сол сияқты қасбетті орнату және жылыту, ішкі қабырғаларды орнату, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың ортақ пайдаланатын орындары ретке келтіріліп, лифтілер орнатылды.

"Жаман ойымыз жоқ": Ақтауда баспанасын 7 жыл күткен үлескерлер шу шығарды

2021 жылдың 7 шілдесі күні 445 үлескер көптен күткен пәтерінің кілтін ала бастады. "Жастар 4" тұрғын үй кешенінің құрылысы екі рет сатылған. Енді "Елорда құрылыс компаниясы"  ЖШС аталмыш тұрғын үй кешенінің 9-11 блогындағы үлескерлердің проблемасын "Арыстан" ТК 1 блогының бос орындарына көшіру арқылы шешуді жоспарлап отыр. Ал "Арыстан" ТК-ның құрылысы келесі жылы аяқталады.

Айта кетейік, 2019 жылдың жазында елордада проблемалы тұрғын үй саны 150-ден көп болған. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде қала әкімдігі құрылысы ұзаққа созылған үйлерді аяқтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

2019 жылдың жарты жылында 13 көппәтерлі тұрғын үй кешені салынып, пайдалануға берілді. Ал 2020 жылы 20 көппәтерлі тұрғын үй аяқталды.

Биыл елордада тағы 57 проблемалы көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Осы арқылы 7 мыңнан астам үлескер көптен күткен пәтеріне ие болады.

Жаңалықтар
0