Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында автокөлік ұтысы өтеді

© AFP 2024 / GABRIEL BOUYSШприцы с вакциной от коронавируса, подготовленные для инъекций
Шприцы с вакциной от коронавируса, подготовленные для инъекций  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Жазылу
MEGA Silk Way СОО-да вакцина салғызған адамдар автокөлік ұтыс ойынына қатыса алады. Басқа сауда және ойын-сауық орталықтарында тұрмыстық техника және саудаға арналған сертификаттар жеңіп алуға болады

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Елордада коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар арасында автокөлік ойнатылады, деп жазылған Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтында.

"MEGA Silk Way" СОО "Астана Моторс" ҚМК және Нұр-Сұлтан әкімдігімен бірлесіп "Вакцина ал — машина ұтып ал" акциясын іске қосып отыр. 23 маусым мен 31 тамыз аралығында "MEGA Silk Way" СОО-да COVID-19-ға  қарсы вакцинаның бірінші компонентін алатын қазақстандықтар "Астана Моторс" компаниясының Hyundai Accent автокөлігін ұтып ала алады",  - деп жазылған хабарламада.

Финалдық ұтыс ойыны 5 қыркүйекте өтеді. Сонымен қатар 23 маусымнан 31 тамызға дейін апта сайын тұрмыстық техника, шопингке арналған сертификаттар секілді аралық сыйлықтар ойнатылады.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырған алматылық ойламаған жерден олжалы болды 

"Астана Моторс" ұсынған автокөлік ұтысына 23 маусым мен 31 тамыз аралығында коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салғызған 18 жастан асқан кез келген қазақстандық азамат қатыса алады.

Сондай-ақ "Азия Парк", Mega Silk Way, "Сарыарқа", "Әбу-Даби Плаза", "Керуен", "Евразия" СОО-да тұрмыстық және компьютерлік техника секілді бағалы сыйлықтар ойнатылып, жеңілдік купондары беріліп жатыр. Бұл акцияға "Мечта" электроника және тұрмыстық техника дүкендер желісі де қосылып отыр.

Жаңалықтар
0