Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары мен базарлардың жұмыс уақыты өзгереді

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2021
Жазылу
Ведомствоаралық комиссия денсаулық сақтау министрлігінің елордада шектеу шараларын күшейтуге қатысты ұсыныстарын қолдады

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда коронавирустың "үнді" штаммының табылуына байланысты карантиндік шектеулер күшейтіледі.

Сауда орталықтары мен базарлар

Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес тауарларды сататын сауда желілері жұмыс күндері 17:00-ге дейін ашық болады. Сенбі және жексенбі күндері, осы нысандарда COVID-19-ға қарсы вакциналау пунктерінің орналасқанына қарамастан, жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Сонымен қатар, жабық азық-түлік емес базарлардың жұмысы 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі. Сенбі-жексенбі жұмыс істемейді.

Қоғамдық тамақтану орындары

Ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамхана, дәмхана, бар, асхана) жұмыс күндері таңғы 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін істейді. Демалыс күндері жабық болады. Ал ашық ауада орналасқан нысандар ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда) кешкі 22.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Бұқаралық шаралар

Ашық ауада өткізілетін бұқаралық шараларға (спорттық, діни және тағы басқа) 100 адамнан артық қатысуға тыйым салынады.

Бүгін, 22 маусымда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Онда Нұр-Сұлтанда "үнді" штаммының таралуына байланысты карантин режимін күшейту мәселесі қаралды. ВАК денсаулық сақтау министрлігінің астанада шектеу шараларын күшейтуге қатысты ұсыныстарын қолдады. Жаңа шектеулердің қашан күшіне енетіні әзірге белгісіз. 

Жаңалықтар
0