16:16 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
6560 0 0

Жаңа тұрғызылған баспананың қабырғаларына сызат түскен, сылақтары құлап, есіктің жақтаулары түсіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Парламенттің ең жас депутаты Мәди Ахметов Нұр-Сұлтанда салынып жатқан әлеуметтік тұрғын үйлердің бірінің сапасын сынға алды.

Ахметов пайдалануға берілгелі жатқан тұрғын үйдің сапасын жеке өзі тексеріп шықты.

Депутат жаңа салынған баспананың қабырғаларына сызат түскенін, сылақтары құлап, есіктің жақтаулары түсіп жатқанын өз көзімен көрді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Madi AKHMET (@madi_akhmet)

"Егер еліміздің бас қаласында осылай болса, онда басқа аймақтарда не болғаны? Айтарға сөзім жоқ", - деп ашынды депутат.

Жоба наурыз айында аяқталғанымен, әлі күнге дейін елорда әкімдігінің балансына өтпеген, деп мәлімдеді ол.

"Халықтың бес миллиард теңгесіне небәрі 238 пәтер салынды. Өкінішке қарай, мониторинг кезінде жергілікті атқарушы билік өкілдері депутаттардың сұрақтарына мардымды жауап бермеді, толық ақпарат ұсына алмады", - деді Ахметов.

Айтуынша, бұл олардың өз жұмысына жауапсыз қарайтынын көрсетеді.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов 2018 жылы – 1 800, 2019 – 2 900, ал былтыр жеті мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынғанын мәлімдеді. Биыл кезекте тұрғандар үшін он мың әлеуметтік пәтер салу жоспарланып отыр.

Олар ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар, толық емес, көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдар және тағы басқа санаттар.

Тақырып бойынша

"Бәріміз бір қазақтың баласымыз": ең жас депутат өзін сынағандарға жауап берді
Кілт сөздер:
депутат, Нұр-Сұлтан, тұрғын үй
Загрузка...

Басты тақырып