Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда жаңа жағажай пайда болады – видео

© Photo : Пресс-служба акима Нур-СултанаНұр-Сұлтандағы жаңа жағажай - эскиз
Нұр-Сұлтандағы жаңа жағажай - эскиз - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2021
Жазылу
Елорда күніне орай жасанды жағажай ашылады, жаңа демалыс орны Триатлон саябағында орналасады

АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. Қазақстан астанасында бассейндері бар жасанды жағажай пайда болады. Ол Сарайшық көшесіндегі көпірдің жанындағы Триатлон саябағында салынады. Елорда әкімдігі жаңа демалыс аймағының эскизін ұсынды.

Жағажай Есіл өзеніне қарап тұратын оқшауланған тақтайлы аралда жабдықталады, деп атап өтті сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NUR-SULTAN (@akimat_nur_sultan)

Судағы жаңа кешен қалқымалы понтондарда ұйымдастырылады.

"Қала әкімінен жағажай салуды сұраған тұрғындар осындай ұсыныс айтты. Қала тұрғындарының тілегін негізге ала отырып, Алтай Көлгіновтің тапсырмасына сәйкес жұмыстар басталды. Оны қала күніне орай ашу жоспарлануда", - деді Нұрлан Ұранхаев.

Жағажайда шезлонг, тамақтану орындары болады. Кешенге велосипедпен жетуге болады.

Урбанистика орталығының жетекшісі Елнар Базыкеннің айтуынша, барлық саябақты веложолдармен біріктіріп, оларды инклюзивті ету жоспарланып отыр.

© Photo : Пресс-служба акима Нур-СултанаЖаңа жағажайдың эскизі
Нұр-Сұлтанда жаңа жағажай пайда болады – видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2021
Жаңа жағажайдың эскизі

Естеріңізге сала кетейік, бұл ауданда өткен жылы көпір астында арт-инсталляциялары, жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары, баскетбол және балалар алаңдары бар жаңа демалыс орны құрылды.

Жаңалықтар
0