Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда жолда жасыл белгі пайда болады

© Photo : Елорда әкімдігінің ресми сайтыНұр-Сұлтанда автобус жолағын жасыл таңбамен белгілеу жоспарланып отыр
Нұр-Сұлтанда автобус жолағын жасыл таңбамен белгілеу жоспарланып отыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2021
Жазылу
Пилоттық жоба қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жұрт назарын аудару мақсатында іске қосылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Нұр-Сұлтанда пилоттық жоба аясында қоғамдық көлікке бөлінген жолақтар жасыл таңбамен белгіленеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Автобус жолағының бас жағын жасыл түспен белгілеу бойынша пилоттық жобаны енгізу туралы шешім қабылданды. Пилоттық жоба қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жұрт назарын аудару мақсатында іске қосылды", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта жаңа жол белгілері енгізілетін көшелер пысықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда алғаш рет жол белгісі ретінде сары сызық қолданылды – Мәңгілік ел даңғылындағы бөлу жолағы сарыға боялды.

Елорда полиция департаментінің мәліметінше, эксперимент жол апатын азайтуға бағытталған. 

Жаңалықтар
0