Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда 43 шаршы метр пәтерде 600 адам "тұрған"

© Sputnik / Сергей Субботин / Медиабанкке өтуАрхивное фото летнего кафе на набережной реки Ишим в Астане
Архивное фото летнего кафе на набережной реки Ишим в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2021
Жазылу
Пәтерде қағаз жүзінде ғана тұрып келген 600 азаматтың бәрі тіркеуден шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Елордада небәрі 43 шаршы метр жерде 600 адам тіркеуде тұрған, деп хабарлады "Хабар 24".

Осенний день в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2020
Елорда тынысы
Нұр-Сұлтанда 259 адам "тұратын" пәтер табылды
Пәтер иесі адамдарды жөн-жосықсыз тіркей берген. Заңға қайшы әрекет еткен азаматтың атына әкімшілік хаттама толтырылды. Ал әлгі пәтерде қағаз жүзінде ғана тұрып келген 600 азаматтың бәрі тіркеуден шығарылды.

Айта кетейік, елордада 17 мамырдан бері көші-қонға қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Осы кезге дейін 1200 пәтер тексерілген. Нәтижесінде азаматтарды өтірік тіркегені үшін 50-ден аса пәтер иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтар
0