22:54 12 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
4745 0 0

Жанжалға қатысқандардың барлығы Байқоңыр аудандық полиция басқармасына жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр — Sputnik. "Астаналық" (бұрынғы "Артем") сауда үйінің жанында болған жанжалға байланысты әкімшілік хаттама рәсімделді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан елорда полиция департаментіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеода қыздардың біреуі: "Мен – трансгендермін! Мен жынысымды ауыстырдым", - деп айқайлап тұр. Ал видеоны түсірген ер адам оны газ шашқаны үшін айыптап жатыр. Артынан полиция да келді. Қызыл күртке киген қыз зардап шеккен әйелмен төбелесіп қала жазды.

Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың қалай Дэвинге айналғаны белгілі болды

Қалалық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, бұл оқиға 16 мамырда кешкі сағат 20.38-де болған. "102"-ге де жастар арасындағы жанжал туралы хабар түскен.  

"Жанжалға қатысқандардың барлығы Байқоңыр аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Әкімшілік хаттама рәсімделді", - дейді полицейлер.

Осы орайда департамент мамандары қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырды.

Загрузка...

Басты тақырып