Елорда тынысы

"Анам компьютер алдында отырған": Нұр-Сұлтанда пәтер төбесі опырылып түсті

© Photo : Фото eto_astana_detka / InstagramТөбе сылағы опырылған пәтер
Төбе сылағы опырылған пәтер - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2021
Жазылу
Төбе сылағы опырылғанда тұрғындардың бірі бөлмеде болған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінде төбе сылағы опырылып түсті. Бұл туралы сол үйдің тұрғындары хабарлады.

Оқиға Lighthouse тұрғын үй кешеніндегі пәтерде болған. Опырылған төбенің суреті әлеуметтік желіде жарияланды. Фотодан төбе сылағының біразы түсіп, бөлме ішіне шашылғаны көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана | Нур-Султан (@eto_astana_detka)

Бұл сәтте пәтер тұрғындарының бірі бөлмеде болды, деп жазды пост авторы.

"Анам компьютер алдында отырған, егер ол анамның басына құлағанда, өте қайғылы жағдай болуы мүмкін еді", - делінген хабарламада.

Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай олардың пәтерінде алғаш рет емес. 2020 жылдың наурызында басқа бөлмеде де төбе сылағы опырылып түскен.

Lighthouse тұрғын үй кешенін BI Group компаниясы салған. Алайда астаналықтардың пәтерінде нақты кім жөндеу жүргізгені әзірге белгісіз. Барлығына жұмысты сапасыз орындаған жалдамалы бригада кінәлі болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0