06:18 07 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (811)
55 0 0

"Ashyq" жүйесі бойынша қызметін жандандырған бизнес нысандары аптаның жеті күні түнгі 00:00-ге дейін жұмыс істей алады

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Ashyq жобасына қатыспайтын мейрамханалар мен дәмханалардың жұмыс уақыты кешкі сегізге дейін қысқаруы мүмкін. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.

Елордада "Ashyq" жобасына қатыспайтын дәмханалар, мейрамханалар мен басқа да бизнес нысандарының жұмыс уақыты 20:00-ге дейін қысқаруы мүмкін. Ал жоба қатысушылары аптаның кез келген күні 00:00-ге дейін жұмыс істей алады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Бейсенованың айтуынша, бұл жоба коронавирустың таралуын болдырмауға көмектеседі.

"Қауіпсіз жобаның арқасында кинотеатрлар, фитнес-клубтар, бассейндер, театрлар сияқты көптеген нысан жұмысын қайта бастады. "Ashyq" жүйесі бойынша жұмыс істейтін бизнес нысандары барлық күндері 00:00-ге дейін жұмыс істей алады. Ал басқалары 22:00-ге дейін ашық әрі демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынған. Егер олар өз қызметкерлері мен клиенттердің қауіпсіздігін ойламаса, олардың жұмыс уақытын 20:00-ге дейін қысқартуға мәжбүр боламыз", - деп ескертті ол.

"Ashyq" жобасы карантинге байланысты қызметі шектелген кәсіпкерлерге біртіндеп немесе толық жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: Балалар лагерьлері Ashyq арқылы жұмыс істеуі мүмкін

Қоғамдық орынға кірер алдында пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлейді және оны кіреберістегі қызметкерге ұсынады. Код келушінің статусын анықтайды.

  • "Қызыл" статус – адам вирус жұқтырды деген сөз. 
  • "Сары" статус – келушінің ауру жұқтырғандармен байланыста болғанын білдіреді. 
  • "Көк" түс шыққандар үшін жүріп-тұруға ешқандай шектеу жоқ.
  • "Жасыл" түс ПТР-тест тапсырып, нәтижесі теріс шыққан адамдар үшін жанады.

"Қызыл" немесе "сары" статус шыққан клиенттер мекемеге кіргізілмейді.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (811)
Кілт сөздер:
уақыт, жұмыс, дәмхана, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып