07:41 07 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
64 0 0

Нұр-Сұлтан тұрғыны басын қатерге тігіп, өрт кезінде үйде жалғыз қалған жасөспірімді ажалдан аман алып қалды

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Желіде елорда тұрғыны Ақылбек Қыпшақбаевтың өрт шыққан үйде жалғыз қалып қойған баланы құтқарған сәті түсірілген видео пайда болды.

Видеоны төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли YouTube-те жариялады.

Кадрдан бесінші қабаттағы пәтердің өртке оранғаны көрінеді. Ер адам төртінші қабаттағы пәтердің терезесі арқылы баланы қағып алған. Ал сырттағы адамдар баланы қағып алу үшін көрпе жайып тұрғанын байқауға болады.

Бұған дейін қала тұрғыны Ақылбек Қыпшақбаевтың өрт кезінде бесінші қабаттан секірген баланы қағып алғаны хабарланды.

Өрт 23 сәуірде күндіз екілер шамасында Петров көшесіндегі 5-үйде болды. Отқа оранған пәтерде бала үйде жалғыз қалған.

Акылбек Кыпшакбаев награжден за спасение ребенка во время пожара
© Photo : МЧС Республики Казахстан
Ақылбек Қыпшақбаев

Қыпшақбаев баланың айғайлап, көмек сұрап жылағанын естіген. Ол бірден оны құтқаруға кірісті.

Осыдан кейін төтенше жағдай министрі Юрий Ильин Қыпшақбаевқа алғыс айтып, "Өрттегі ерлігі үшін" төсбелгісін табыстады.

Айта кетейік, 34 жастағы Ақылбек Қыпшақбаев Шымкент қаласының тумасы, төрт баласы бар.

Тақырып бойынша

Астаналық азамат бесінші қабаттан секірген баланы қағып алды
Кілт сөздер:
видео, өрт, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып