Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанға QazVac вакцинасының 6 мыңнан астам дозасы жеткізілді

© Sputnik / Тимур НиталиевВ Казахстане произвели первую партию национальной вакцины от коронавируса
В Казахстане произвели первую партию национальной вакцины от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
Жазылу
Қазір елордада QazVac және "Спутник V" вакцинасын қоса есептегенде коронавирусқа қарсы вакцинаның 55 мың дозасы бар

АЛМАТЫ, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстандық ғалымдар әзірлеген QazVac вакцинасы Нұр-Сұлтанға жеткізілді, деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Басқарма басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, Нұр-Сұлтанға 6 мыңнан астам доза (вакцинаның бірінші және екінші компонентін қосқанда) жеткізілді. QazVac қаладағы емхана мен сауда ойын-сауық орталықтарына таратылды.

Қазір басқарма қоймаларында QazVac және "Спутник V" вакцинасын қоса есептегенде коронавирусқа қарсы вакцинаның 55 мың дозасы бар.

"Тәулігіне 6 мыңға жуық адамға вакцина салып жатырмыз. Бастапқыда тұрғындар вакцинаға аса сақтықпен қарады. Алайда түсіндіру жұмыстарынан кейін вакциналауға келгендер саны артты", – деді Мұратов.

Оның сөзінше, жаппай вакциналауға сауда ойын-сауық орталықтарында егу кабинеттері ашылғаны да оң ықпал етіп жатыр.

"Кей азамат жұмысына байланысты емханаға бара алмайды, енді бір бөлігі медициналық мекемелерге тіркелмеген. Ал олар сауда ойын-сауық орталықтарында алаңсыз вакцина салдыра алады. Бұл Қазақстанда тұрып, осында жұмыс істейтін, елде тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер үшін де ыңғайлы", – деді Мұратов.

Айта кетейік, сауда ойын-сауық орталығы жанынан ашылған егу кабинеттерінде күніне 250 адамға дейін вакцина салдырып жатыр. Қазір "Mega Silk Way", "Keruen", "Хан Шатыр" және "Әбу-Даби Плаза" ішінде вакциналау пункті ашылған.

Оқи отырыңыз: QazVac салына бастайды: қазақстандықтар отандық вакцина туралы не білуге тиіс

Нұр-Сұлтанда іске қосылған егу пункттерінің саны 100-ге жуықтайды. Медицина мекемелерінде таңғы 8-ден түнгі 12-ге дейін вакцина салдыруға болады. Сауда ойын-сауық орталықтары сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жаңалықтар
0