Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіледі

© Sputnik / Сергей Мамонтов / Медиабанкке өтуНадпись Nursultan в столице Казахстана
Надпись Nursultan в столице Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2021
Жазылу
Коронавирус індетін жұқтыру деректері бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы көш бастап тұр. Ал эпидемиологиялық жағдай бойынша елорда "қызыл" аймақ санатына енген

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Елорданың бас санитар дәрігері Нұр-Сұлтандағы карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес төменде аталған кәсіпкерлік нысандар "Ashyq" пилоттық жобасын жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс:

  • фитнес клубтар мен йога орталықтары;
  • СПА орталықтар;
  • сауна мен бассейндер;
  • компьютерлік клубтар мен PlayStation клубтар (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда);
  • боулинг клубтар мен орталықтар;
  • кинотеатрлар;
  • театрлар мен филармониялар;
  • банкет залдары мен асхана типтес объектілерде, фаст-фуд, көше тағамдарын қоспағанда, қоғамдық тамақтандыру орындары;
  • ерікті қатысушылар;
  • аймақаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдау қызметі;
  • концерт залдары.

Жоба қатысушылары үшін қала "қызыл" аймақта болған кезде коронавирустық инфекцияның орташа деңгейін көрсеткенде ("сары" аймақ) қондырғылардың жұмысын шектеуге арналған критерийлер бар.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қатаң карантин енгізіле ме?

Сондай-ақ, сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысына жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі мен жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

"Бірақ бұл ереже COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау үшін қосымша пункттер орналастырылған объектілерге қолданылмайды. Олардың қызмет көрсету уақыты жұмыс және демалыс күндері 8.00-ден 22.00-ге дейін белгіленді", – делінген қаулыда.

Құжаттың толық нұсқасымен мына сілтемеден танысуға болады.

Айта кетейік, коронавирус індетін жұқтыру деректері бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы көш бастап тұр. Ал эпидемиологиялық жағдай бойынша елорда "қызыл" аймақ санатына енген.

Жаңалықтар
0