Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда тағы екі сауда орталығында вакцина егу пункті ашылды

© AFP 2024 / JOEL SAGETВакцина
Вакцина - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
Бүгінге дейін Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адамдардың саны 75 мыңға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Елорданың "Keruen" ойын-сауық сауда орталығы мен "Абу-Даби Плазаның" сауда аймағында коронавирусқа қарсы вакцина егу пунктері ашылды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемованың айтуынша, сауда-ойын сауық орталықтарында вакциналау жұмысын ұйымдастыру шаралары жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Мәселен, "Mega Silk way" сауда орталығында ашылған пункте 2 100-ден астам адам вакцина салып үлгерген.

"Осы шаралардың арқасында қала тұрғындарын вакциналау көрсеткіші артып келеді. Алғашқы уақытта тұрғындар екпе салудан үрейленсе, қазір керісінше, жұрт вакцина алғысы келетіндердің саны көбейіп келеді", – дейді Рүстемова.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша екпе салу  пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін артты. Жұмыс уақыты 08:00-ден 00:00-ге дейін. Ал сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан пункттер 10:00-ден 22:00-ге дейін ашық болады.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырған соң бала көтеруге бола ма – дәрігерлер не дейді

Бұдан бөлек, қалада еңбек ұжымдарын жаппай вакцинациялау мақсатында көшпелі бригадалар жұмыс істейді. Жалпы Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцина алған адамдардың саны 75 мыңға жетті.

Жаңалықтар
0