09:44 11 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
Рамазан - 2021 (23)
47 0 0

Елорданың дін істері басқармасы мен діндерді зерттеу орталығы "Нұр-Астана" мешіті ұжымымен бірлесіп, қасиетті айты аузы берік мұсылмандарға ыстық тамақ таратумен бастаған

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Қасиетті Рамазан айында Нұр-Сұлтан қаласындағы мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін тарату ісі жалғасып жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда "Қайырымды істер" марафоны аясында қасиетті Рамазан айында төрт мыңнан астам тұрмысы нашар отбасыға азық-түлік себеті тапсырылады. Қайырымдылық іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отыр. Ал акцияны "Halyk Bank" АҚ, Болат Өтемұратов қоры және тағы басқа ұйымдар қолдады.

Оқи отырыңыз: Алматыда Рамазан айында күн сайын 500 адамға ауызашар қоржыны жеткізіледі 

Айта кетейік, биыл Наурыз мерекесі "Қайырымды істер" марафонының аясында өтті. Наурыз айында төрт мың мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтығы тапсырылды. Қайырымдылық істі жүзеге асыруға кәсіпкерлер, ірі ұйымдар, еріктілер және қала тұрғындары атсалысты. Пандемия кезінде дәрі-дәрмектерді, медициналық маскаларды тарату, зейнеткерлердің аулаларының қарын күреу, ағаш отырғызу және тағы басқа жұмыстар жүргізілді.

Сол сияқты қасиетті айды Нұр-Сұлтан қаласының дін істері басқармасы мен діндерді зерттеу орталығы "Нұр-Астана" мешіті ұжымымен бірлесіп, аузы берік мұсылмандарға ыстық тамақ таратумен бастаған.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бизнесмендерді, ірі кәсіпорындардың басшылары мен топ-менеджерлерді қайырымдылық акцияларына қатысуға шақырды. Аталған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.

Тақырып:
Рамазан - 2021 (23)
Загрузка...

Басты тақырып