14:30 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
1794 0 0

Ішімдікке тойып алған жастар түн ортасында үйдің ауласында тұрған автокөліктердің үстіне секірген

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда ішімдікке масайып, үй ауласындағы автокөліктердің үстіне секірген бұзақылар полицияға жеткізілді, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Видео әлеуметтік желіде тарады. Анықталғандай, жігіттер ішімдік ішкеннен кейін, түнгі 03:30-да көшеге шыққан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Жартылай жалаңаш жастар Петров көшесіндегі үйдің ауласында жекпе-жек ұйымдастырған. Кейін олардың бірі тұрақтағы автокөліктің капотына секіреді, одан кейін қасында тұрған көліктердің төбесіне шығады.

Бұзақылар анықталып, полицияға жеткізілді.

"Олар ұсақ бұзақылық, қоғамдық орында мас күйде жүргені және түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Келтірілген шығынды қайтару үшін автокөлік иелері анықталып жатыр", - деді Алматы ауданы полиция басқармасының басшысы Дастан Қалиев.

Тақырып бойынша

Желіде Атырау облысындағы "қақтығыстың" видеосы тарады – ҰҚК түсініктеме берді
"Нағыз балуан!": желіде қазақстандық спортшының видеосы қызу талқыланып жатыр
Ақмола облысында бұзақылар автокөлікке оқ жаудырып, адамдарды жарақаттады
Бұзақы жасөспірімдердің саябақты ойран еткен сәті видеоға түсіп қалды
Кілт сөздер:
автокөлік, видео, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып