Елорда тынысы

Өзінен 19 жас кіші жігітпен көңіл қосқан елорда тұрғыны ыңғайсыз жағдайда қалды

© Photo : pixabay/rebcenter-moscowЖенщина плачет, иллюстративное фото
Женщина плачет, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2021
Жазылу
41 жастағы елорда тұрғыны полицияға хабарласып, алтын әшекейлер салынған сөмкесі ұрланғанын жеткізген

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы ПД қылмыстық полиция қызметкерлері көңілдесінің жеке заттарын ұрлады деген күдікпен 22 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.   

Осы жылдың 13 сәуірінде 41 жастағы елорда тұрғыны полицияға хабарласып, алтын әшекейлер салынған сөмкесі мен музыкалық колонкасы ұрланғанын айтқан.

Жігітпен кездескен: Нұр-Сұлтанда қонақ үйде түнеген қыз полиция шақыруға мәжбүр болды

Тергеу барысында полицейлер әшекейлерді әйелдің қонаққа жиі келіп тұрған сүйіктісі ұрлап кеткенін анықтады, қылмыс болған күні күдікті жәбірленушінің үйінде түнеген. Ол таңертең ерте әйелдің жеке заттарын алып, қашып кеткен.  

Ұсталған жігіт өз кінәсін толығымен мойындады. Түркістан облысының тумасы бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды.  

Қылмыстық іс қозғалды, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.  

Жаңалықтар
0