Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда жоғалып кеткен 4 бала түнгі үште табылды

CC0 / pixabay.com / Потерявшийся ребенок
Потерявшийся ребенок - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2021
Жазылу
Көрші тұратын екі отбасының балалалары кешкісін серуендеуге шығып, үйге оралмаған. Оларды полиция түнгі үште тапты

АЛМАТЫ, 15 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда сәрсенбіде 4 бала жоғалып кетті. Кешкі сағат 11 шамасынада қала тұрғыны полицияға хабарласып, екі баласының жоғалып кеткені туралы хабарлаған.

"Кешкі сағат 22.52-де 43 жастағы қала тұрғыны 10 жасар ұлы мен 8 жасар қызының жоғалып кеткенін хабарлады. Оның айтуынша, балалары көрші балалармен бірге кеткен болуы мүмкін. Алайда көрші балалардың анасы полицияға жүгінбеген", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Содан кейін полиция олар баруы мүмкін деген барлық жерді тексеріп, іздеу жұмыстарын жүргізді.

Түнгі сағат үш шамасында төрт бала Республика даңғылындағы жылы аялдамадан табылды.

"Полицейлер жасөспірімдерді Сарыарқа ауданының полиция бөліміне жеткізді. Олар құқық қорғау қызметкерлерімен әңгімелесу кезінде ойдан шығарылған мәліметтерді берді. 8, 10, 11 және 13 жастағы балалар бұған дейін жоғалып, полиция іздеп жатқан балалар екені анықталды", - деп хабарлады полиция.

Төрт бала кешкі сағат алтыда аулаға серуендеуге шығып, оралмаған. Екі баланың анасы бастапқыда балаларды өз бетінше іздеген. Нәтиже болмаған соң полицияға жүгінген.

"Бұған дейін әйел балаларының түнде ересектердің қарауынсыз жүруіне жол бергені үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған", - деді полиция.

© Photo : Пресс-служба ДП Нур-СултанаНұр-Сұлтанда жоғалып кеткен 4 бала түнгі үште табылды
Нұр-Сұлтанда жоғалып кеткен 4 бала түнгі үште табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2021
Нұр-Сұлтанда жоғалып кеткен 4 бала түнгі үште табылды

Сондай-ақ, полиция бөлімшесіне 11 және 13 жастағы екі ұлдың 65 жастағы патронат анасы шақырылды.

"Бейқам ана балалардың жоғалу фактісі бойынша полицияға да жүгінбеген. Бұған дейін балалар алты рет полицияға түрлі себеппен жеткізілген. Оның ішінде төрт рет заңды өкілінсіз түнгі уақытта жүру бойынша жеткізілді. Балаларды тәрбиелеу және асырау бойынша ата-ана міндетін тиісінше орындамағаны үшін патронаттық шартты бұзу туралы мәселе бойынша әкімдік комиссиясының отырысына материал жолданды", - деді Нұр-Сұлтан қаласының ювеналдық полиция бастығы Нэлля Дощанова.

Екі отбасы да бақылауға алынды.

Жаңалықтар
0