Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері арнайы операция өткізді - видео

© Photo : polisia.kzНұр-Сұлтан қаласының полицейлері арнайы операция өткізді - видео
Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері арнайы операция өткізді - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2021
Жазылу
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізілуде, деп хабарлады елордалық полицейлер

НҰР-СҰЛТАН - 10 сәуір, Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлері киік мүйізінің ірі партиясын тәркілеу бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.

9 сәуірде киік мүйізінің ірі партиясын сату кезінде қылмыстық топ ұсталды. Арнайы операция Қарағанды облысының полицейлерімен бірлесе жүргізілген. Ұсталғандардың екеуі 55 және 52 жастағы елордалықтар, ал біреуі Қарағанды облысының 44 жастағы тұрғыны.

Екі күдікті елордадан киік мүйіздерін сату нарығын іздеп, кейін Қарағанды облысының аумағында сатпақшы болған. Операция кезінде ірі партия - 293 дана мүйіз тәркіленді. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі шамамен 500 миллион теңгені құрайды.

Полицияның хабарлауынша, алты мекенжай бойынша бір уақытта тінту жүргізіліп, айғақ заттар мен дәлелдемелер табылды. Сонымен қатар есірткі заттары тәркіленген. Бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің 393-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.

Жаңалықтар
0