14:08 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (229)
82 0 0

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу орындарының саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайды. Олардың жұмыс кестесі сағат 00:00-ге дейін ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. Нұр-Сұлтандағы "Mega Silk Way" сауда және ойын-сауық орталығында коронавирусқа қарсы вакциналау басталды.

Вакцинаның бірінші компонентін СОО қызметкерлері, бутиктерді жалға алушылар, сатушылар және орталық қызметкерлері алды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бұдан басқа, тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцина алдын ала жазылу арқылы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында, яғни емханаларда, отбасылық денсаулық орталықтарында, дәрігерлік амублаторияларда және тағы басқа орындарда салынады.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан мен Алматыда қанша адам вакцинадан бас тартты 

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайды. Олардың жұмыс кестесі сағат 08:00-ден 00:00-ге дейін ұзартылды. Вакцинаны алуға egov мобильдік қосымшасы арқылы немесе 109 нөмірі бойынша call-орталыққа қоңырау шалу арқылы жазылуға болады.

"Бүгін тестілік режимде СОО қызметкерлерін вакциналауды бастадық. Мұнда шамамен 100 адам бар. Вакциналаудан бұрын олардың бәрі дәрігерлердің міндетті медициналық тексеруінен өтті. Ал СОО-да бригадалар кезекшілік етеді. Вакциналауға рұқсат берілгендер егіледі", — деді Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Сондай-ақ, ол СОО-да қала тұрғындарын жаппай вакциналау қашан басталатынын айта кетті.

"Бүгін қалалық санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша СОО келушілер үшін жабық. Сол себепті дүйсенбіде СОО-да орналасқан егу орталығы тұрғындарымызды да, орталыққа келушілерді де вакциналауды бастайды", - деді ол.

Қазіргі уақытта елордада вакцинаның жеткілікті қоры бар. Сәуір айының соңына дейін Нұр-Сұлтанға 250 мыңнан астам доза келеді. Жалпы, әр апта сайын денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына "Спутник V" жаңа партиясы келіп түседі.

Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы 26 мыңнан астам адам екпе алды.
Қажет болған жағдайда халықты вакциналау пункттері бірқатар СОО мен қонақүй кешендерінде ашылады.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (229)

Тақырып бойынша

Тоқаевтың баспасөз хатшысы президенттің шешімін түсіндірді
Жамбыл облысында вакцина өндіретін зауыт жыл соңына қарай іске қосылады
Ораза ұстап жүргенде ПТР-тест тапсыруға бола ма?  
Тоқаев елордада жаппай вакцина салуды ұйымдастыруды тапсырды 
Үш бірдей вакцина салдырдым – білім министрі
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, вакцина
Загрузка...

Басты тақырып