Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда қай сауда орталығында вакцина салу пункті ашылатыны белгілі болды

© Sputnik / Тимур БатыршинВакцина
Вакцина - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2021
Жазылу
Бұған дейін Алматы қаласында жаппай вакциналау процесі 13 сәуірде басталатыны туралы айтылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов вакцина салу пункті қай сауда орталығында ашылатын атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Нұр-Сұлтанда әзірше бір сауда ойын-сауық орталығы вакциналауға қатысады. Ол – Mega Silk Way. Екпе салу пунктінің жұмысы 12 сәуірде, яғни дүйсенбі күні басталады", – деді Мұратов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Алматыда жаппай вакциналау 13 сәуірде қайта басталады деген жоспар бар.

Медициналық мекемелерден бөлек базарлар мен сауда орталықтарында екпе салу пунктері жасақталды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев елордада жаппай вакцина салуды ұйымдастыруды тапсырды

Ал жетуге жолы қиын аудандарға мобильді топтар барып отырады. Ол үшін төрт арнайы көлік дайындалған. Осы айдың соңына дейін қалаға вакцинаның 300 мың дозасы жеткізіледі.

Жаңалықтар
0