20:20 18 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.39
  • EUR515.52
  • RUB5.68
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (2262)
412 0 0

Басқарма басшысы індеттің өршуін санитарлық талаптарды сақтамай, халық көп жиналатын орындарға бару және карантин режимінің бұзылуымен байланыстырып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов індеттің өршуіне байланысты тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Құрметті достар, қаланың бас дәрігері ретінде айтарым: өздеріңізді сақтаңыздар. Қазір қалада эпидемиологиялық жағдай өте тұрақсыз. Ауырған науқастар саны күннен күнге көбейіп барады. Осы апта ішінде күніне 50 шақты адам стационарларға жатқызылып, оның ішінде 10 проценті бірден жансақтау бөліміне түсіп жатыр. Бұл өте қиын жағдай. Сондықтан той-томалаққа бармай, санитарлық нормалар мен ара қашықтықты сақтаған дұрыс", - деді Мұратов онлайн баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, қазір астанада ауру жұқтыру өсімі 25%-ке жетті. Егер де ақпанда тәулік ішінде орта есеппен вирус жұқтырған 100 адам тіркелсе, қазір бұл көрсеткіш 350-ге дейін жетіп отыр.

"Эпидемиологиялық жағдай өткен жылдың жаз айларына ұқсас болып келеді. Қазіргі уақытта науқастар ауыр және өте ауыр хәлде түсіп жатыр. Әсіресе, егде жастағы және 40 пен 60 жас аралығындағы азаматтар", - деді ол.

Мұратовтың айтуынша, қазір індетке шалдыққан 623 науқас ауруханада жатыр, төсек-орындардың жүктемесі 74 процентті құрайды. Жансақтау бөлімінде ем қабылдайтын науқастардың саны артқан – 66 пациент.

Басқарма басшысы індеттің өршуін санитарлық талаптарды сақтамай, халық көп жиналатын орындарға бару және карантин режимінің бұзылуымен байланыстырып отыр.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтанда 30 наурыздан бастап карантин қатаңдатылады. Тиісті қаулыға қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері қол қойды. Оған сәйкес, сауда орталықтарының жұмыс уақыты жұмыс күндері 17.00-ге дейін қысқарады, демалыста жабық болады.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2262)

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілді – жаңа қаулыда не айтылған
Жиында Цой, Сағынтаев және Бекшин де болды – шенеуніктер жазалана ма
Далада маскасыз қыдырып жүретін уақыт емес – денсаулық сақтау басқармасы
Елордада мейрамхана мен дәмхана жұмысына шектеу енгізілді
Астанада жексенбі күндері автобус тоқтайды – қозғалыс қашан қалпына келеді
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, дәрігер, үндеу, қазақстандықтар
Загрузка...

Басты тақырып