Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте айлық нормадан көп қар жауды

© Sputnik / Владислав ВодневСнегопад, зима
Снегопад, зима - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2021
Жазылу
Қалада қар күреу жұмыстары екі ауысымда жүргізіліп жатыр, яғни кешке және түнде тазартылады

НҰР-CҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Елорданың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 23 наурызда елордада 26 мм-ден астам қар жауды, бұл айлық нормадан 8 мм-ге көп, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Өткен тәулікте коммуналдық қызметтер Нұр-Сұлтаннан 83 мың текше метр қар шығарды. 23 наурыздан 24-іне қараған түні жолдарды, тротуарларды, алаңдарды және басқа да қоғамдық жерлерді тазалауға 1 200-ге жуық арнайы техника мен 200-ге жуық жұмысшы тартылды", - делінген ақпаратта.

24 наурызда қар күреу жұмыстарына 1 500-ден астам арнайы техника мен 1 800-ге жуық жұмысшы шықты.

Айта кетейік, қалада қар күреу жұмыстары екі ауысымда жүргізіліп жатыр, яғни кешке және түнде тазартылады.

© Sputnik / фото очевидцаНұр-Сұлтанда ақ түтек боран соқты
Нұр-Сұлтанда бір тәулікте айлық нормадан көп қар жауды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2021
Нұр-Сұлтанда ақ түтек боран соқты

Бірінші кезекте жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлардан қар күреледі.

Жиналған қар елорданың 11 полигонына шығарылады. Полигондарда бақылау үшін бейнекамералар орнатылған.

Жаңалықтар
0