Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан әкімдігі халыққа үндеу жасады

© AFP 2024 / PIERRE-PHILIPPE MARCOUВрачи с пациентом в палате реанимации в больнице с коронавирусом
Врачи с пациентом в палате реанимации в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2021
Жазылу
Вирус жұқтыру көрсеткішінің артуына байланысты елорда 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық жағдай бойынша "қызыл аймаққа" енген

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз — Sputnik. Соңғы бір аптаның ішінде елордада коронавирусты жұқтыру көрсеткіші алдыңғы аптадан 76%-ке жоғары болып тұр, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде инфекцияның репродуктивті көрсеткіші, яғни, бір адамның вирусты жұқтыру деңгейі 1,506-ке жетті. 22 наурызда бір тәуліктің ішінде коронавирус жұқтырған 203 адам (67- симптомсыз,  136 - симптомы бар науқас) тіркелді. 

"Тіркелген 136 симптомдық жағдайдың 39-ы байланыста болған адамдар арасында анықталды, ал 97 адам өздігімен тест тапсырған. Бұдан бөлек, 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурудың 39 жағдайы анықталды. Жалпы вирус жұқтырғандармен байланыста болған 357 адам тіркеуге алынды", - дейді мамандар. 

Осыған байланысты қаланың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантиндік шараларды қатаң сақтауға кеңес беріп отыр.  

"Қаладағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өз денсаулығыңызға және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды сұраймыз!", - дейді санитар дәрігерлер.

Айта кетейік, сырқаттанушылық көрсеткішінің артуына байланысты елорда 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық жағдай бойынша "қызыл аймаққа" енген.

Жаңалықтар
0