Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда шатырдан құлаған қар бірнеше көлікті басып қалды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневШатырдағы қар
Шатырдағы қар - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2021
Жазылу
Көлемді қар үйіндісі ғимарат шатырынан түнгі уақытта құлаған. Ал оқиға "Технопарк" өндірістік аймағында болған

НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Шатырдан құлаған қар бірнеше көлікті басып қалған сәттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Іnstagram желісіндегі astana_sergek парақшасында оқиға орнында түсірілген бірнеше видео жарияланды. Ғимарат шатырынан көлемді қар үйіндісі түнгі уақытта құлаған. Ал күндізгі уақытта түсірілген видеода автор бес көлік қар астында қалғанын айтады.  

Видеодан автокөліктердің сау-тамтығы қалмағанын байқауға болады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Ал ғимарат қабырғасында "Абайлаңыз, қар құлауы мүмкін!" деген ескерту ілінген.

Оқи отырыңыз: Қар астында көміліп жатқан: бір апта бұрын жоғалған малшы табылды - видео

Желі қолданушыларының көпшілігі оқиғаның "Технопарк" өндірістік аймағында болғанын жазып жатыр.

Жаңалықтар
0