Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілерге үндеу жасады

© Sputnik / Абзал КалиевВиды города Нур-Султан весной
Виды города Нур-Султан весной - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2021
Жазылу
Полицейлер елордада қар жауып, көктайғақ болуына байланысты жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан полициясы ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

"Қар жауып, көктайғақ болуына байланысты жүргізушілерден жолда өте мұқият болуды және жол ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз", - делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда 80 жол апаты тіркелді, бір адам жарақат алды.

"Жүргізушілер қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуға тиіс, жылдамдықты, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін қатаң сақтап, кілт тоқтаудан аулақ болуы керек", - деп түсіндірді полиция.

Оқи отырыңыз: 12 өңірде дабылды ескерту жарияланды - ертең ауа райы қандай болады 

Полиция жаяу жүргіншілерден тек рұқсат етілген жерден өтуді сұрайды.  

"Жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өтетін жерде жылдамдықты барынша азайтуға және жалпы білім беретін мекемелердің жанында өте сақ болуға шақырамыз", - деп түйіндеді полиция қызметкерлері.

Жаңалықтар
0