Елорда тынысы

Астанада коронавирусқа кімдер жиі шалдығатыны анықталды

© Sputnik / Владислав ВодневЛюди в масках на улицах Нур-Султана
Люди в масках на улицах Нур-Султана - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Жазылу
Жұмыс істейтін адамдар коронавирусты жиі жұқтырады. Олар барлық науқастардың 48 процентін құрап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова коронавирусты жиі жұқтыратын адамдар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қалада, көбінесе, 30-39 жастағы адамдар жиі ауырады. Олар науқастардың 24,8 процентін құрап отыр. Елу жастан асқандар аз емес. Олардың саны – 23,5 процент", - деді Бейсенова әкімдіктің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, науқастардың 14,9 проценті – балалар. Жаңа оқу жылы басталғалы 1 103 оқушының коронавирус жұқтырғаны анықталды. Соның ішінде 63 жағдай кезекші сыныптарда анықталса, 840 жағдай қашықтан білім алып жатқан балалардың арасында тіркелді. Ал коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары адамдардың қатарына жұмыс істейтіндер жатады.

"Жұмыс істейтін адамдар коронавирусты жиі жұқтырады. Олар барлық науқастардың 48 процентін құрап отыр. Осының өзі ұжымдарда эпидемиологиялық талаптардың сақталмауын көрсетеді", - деп атап көрсетті Бейсенова.

Ресми мәліметке сәйкес, астанада ауру белгілері бар науқастардың саны біршама өсіп отыр. Қаңтар айында олардың саны 65 процент болса, ақпанда 68 процентке көтерілген. Әсіресе, 55 жастан асқандар арасында осы көрсеткіш 3,5 процентке өсті.

Жаңалықтар
0