Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдай қандай – бас санитар есеп берді

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди идут по заснеженной набережной в Нур-Султане
Люди идут по заснеженной набережной в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Жазылу
Ауру белгілері бар науқастардың саны біршама өсіп отыр. Қаңтар айында олардың саны 65 процент болса, ақпанда 68 процентке көтерілген

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қалада қаңтар айымен салыстырғанда коронавирустық инфекцияны жұқтыру көрсеткіші 33,8 процентке азайған. Бүгінде елорда "сары" аймаққа кіреді. Апталық көрсеткіш 100 мың адамға 53,9 науқас. Репродуктивті көрсеткіш (инфекцияны бір адамнан жұқтыру - Sputnik) 0,99-ды құрап отыр", - деді Бейсенова әкімдіктің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, жыл басынан бері ПТР-тестпен 6 707 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Ал 85 адамның сынамасы теріс нәтиже көрсетсе де, клиникалық сараптама кезінде коронавирустың белгілері анықталды.

"Бір тәуліктің ішінде инфекция жұқтырған 68 адам тіркелді. Соның ішінде 37 адам симптомды және 31 симптомсыз формамен ауырып жүр. Инфекцияның 73 ошағы анықталды", - деп атап көрсетті Бейсенова.

Ресми мәліметке сәйкес, ауру белгілері бар науқастардың саны біршама өсіп отыр. Қаңтар айында олардың саны 65 процент болса, ақпанда 68 процентке көтерілген. Әсіресе, 55 жастан асқандар арасында осы көрсеткіш 3,5 процентке өсті.

Жаңалықтар
0