Елорда тынысы

"Елорда жастары" тұрғын үй бағдарламасына қатысты тың ақпарат жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневНовостройка, архивное фото
Новостройка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2021
Жазылу
Бағдарламада қолданыстағы заңнама бойынша Нұр-Сұлтан қаласында кезекке тұра алмай жүрген жастарды қамту карастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. "Отбасы банк" АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев "Елорда жастары" тұрғын үй бағдарламасы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл "Алматы жастары" сияқты "Елорда жастары" бағдарламасы іске асырылады. Оның негізгі авторы – әкімдік. Сондықтан осы бағдарламаға жергілікті бюджеттен ақша бөлінеді. Біз әлі келісімге қол қойған жоқпыз. Бірақ тиісті жұмыс жүріп жатыр. Негізгі шарттары, яғни, осы бағдарлама бойынша қандай жастағы азаматтар және қай мамандық иелерін үймен қаматамыз ету жағы пысықталуда", - деді Матаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, жақын арада мәслихат отырысында бағдарламаның негізгі шарттары мен бюджеті бекітіледі. Осы орайда филиал басшысы талқыға салынған бағдарламаның тұжырымдамасына да тоқталды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев баспананы арзандатудың жолын ұсынды 

"Ол жерде жастардың жасы 35-тен аспауы керек. Бөлінетін кредиттің шегі 13 миллион теңгенің шамасында есептеліп отыр. Алғашқы жарна – 10 процент. Одан кейін қолданыстағы заңнама бойынша Нұр-Сұлтан қаласында кезекке тұра алмай жүрген жастарды қамту карастырылған. Қазіргі тұжырымдамада бұқаралық ақпарат құралдарында істейтін азаматтар да бар. Сосын бюджеттік салада еңбек етіп жүрген мұғалімдер, полицейлер, одан кейін өнер мен әлеуметтік сала қызметкерлерін де қамту мәселесі алдын ала көрсетіліп отыр", - деп атап өтті Матаев.

Филиал басшысының сөзіне қарағанда, тізім әлі толықтырылады. Оған өндіріс пен ақпараттық технологиялар мамандарын да қосу жоспарланып отыр.

"Жергілікті мәслихаттың отырысы қай кезде болатынын айта алмаймын. Бірақ биыл болатыны анық, бұл бағдарлама наурыз айында басталады деп айтуға болады", - деді Матаев.

Жаңалықтар
0