Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда 21 мектеп карантинге байланысты жабық тұр

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуМектеп кабинеті
Мектеп кабинеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2021
Жазылу
Қазіргі таңда 907 үй ошағы анықталып, онда науқастармен байланыста болған 2 260 адам медициналық бақылауға алынған

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда оқу жылы басталғалы бері 1 017 оқушы коронавирус жұқтырған. 21 мектеп карантинге байланысты жабық тұр. Бұл туралы қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"22 ақпандағы жағдай бойынша, оқу жылы басталғалы бері 1 017 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Оның ішінде кезекші сынып оқушылары – 232 немесе 22,8%, қашықтан оқығандар – 785, яғни 77,2%. Оқу жылының басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында барлығы 79 мектеп карантинге жабылды. Бүгінгі таңда 21 мектеп карантинді жалғастыруда", – деді Бейсенова онлайн брифингте.

Сондай-ақ айтуынша, 174 жағдай студенттер арасында тіркелді. Оның ішінде 35-і – колледж, 139-ы – жоғары оқу орындарының студенттері. Вирус жұқтырғандардың тек 10-ы оффлайн форматта оқыған.

Бұдан бөлек, Бейсенова мектепке дейінгі ұйымдарға барып жүрген 94 балада коронавирус табылғанын айтты. Қазіргі таңда 907 үй ошағы анықталды, онда науқастармен байланыста болған 2 260 адам медициналық бақылауға алынды.

Оқи отырыңыз: Мектеп оқулығын оқыған президент неге таңғалды

Бұған дейін қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Нұр-Сұлтанда карантиндік шектеулерді жеңілдету мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеген болатын.

Жаңалықтар
0