Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан бірнеше күннен бері "сары" аймақта: шектеу шаралары жеңілдей  ме?

© Sputnik / Абзал КалиевЗимние развлечения в Нур-Султане
Зимние развлечения в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2021
Жазылу
Егер елорда осы аптада тұрақты түрде "сары" аймақта тұрса, карантиндік шектеулер жеңілдеуі мүмкін, деді қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда карантиндік шектеу шараларын жеңілдету мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, елорда 30 қаңтарда "сары" аймаққа шықты, бірақ 8-10 ақпан аралығында, үш күн "қызыл" аймаққа қайта оралды. Ал қазір "сары" зонада тұрақтап тұр.

"Осыған байланысты қазір белгілі бір шектеу шараларын жеңілдету мәселесі қаралып жатыр. Егер осы аптада тұрақты түрде "сары" аймақта тұрсақ, әрине, карантиндік шектеулер жеңілдеуі мүмкін", - деді Бейсенова онлайн брифингте.

22 ақпандағы жағдай бойынша, коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақ бос тұр.

Оқи отырыңыз: Тағы 700-ге жуық адамнан коронавирус инфекциясы табылды 

"Сары" аймаққа Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары кірген.

Республиканың қалған өңірлері – "жасыл" аймақта.

Жаңалықтар
0