Елорда тынысы

Ақ бұлтқа айналған бу астаналықтардың үрейін ұшырды – видео

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖылу құбырының жарылысы
Жылу құбырының жарылысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2021
Жазылу
Қазіргі уақытта жылу магитралінде пайда болған диаметрі 500 миллиметрлік жарықты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Әлеуметтік желілерде елорданың оң жағалауында жылу магистралінің жарылған сәті түсірілген видео тарап жатыр.

Кадрдан құбыр жарылысынан атқылаған ыстық судың буы жерден будақтап шығып, ақ бұлтқа айналып жатқанын көруге болады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Айналаны бу қаптап, көру мүмкіндігі шектелгендіктен полицейлер Қосшығұлұлы көшесіндегі қозғалысты бір сәтке толығымен тоқтатуға мәжбүр болды.

"20 ақпан күні сағат 10:45-те Қосшығұлұлы көшесінің аумағындағы жылу магистрілінде диаметрі 500 миллиметрлік жарық пайда болып, ТМ-43 учаскесінде ыстық судың сыртқа аққаны анықталды", – деп хабарлады "Астана-Теплотранзит" АҚ.

Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Павлодарда құбыр жарылып, бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды – видео

Жаңалықтар
0