Елорда тынысы

Тұрғындар шағымынан соң "Астанаэнергосбыт" айыппұл төлейтін болды

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиБатарея, радиатор отопления, иллюстративное фото
Батарея, радиатор отопления, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2021
Жазылу
Құрылыс жүргізген мекемелер түрғын үй нысандарын тапсыру кезінде жеке тұлғалар үшін жылумен жабдықтау дербес шоттарын ашудан бас тартқан

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан — Sputnik. "Астанаэнергосбыт" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті.

Комитеттің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің шағымдары негізінде табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың сақталуын анықтау үшін "Астанаэнергосбыт" ЖШС-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

"Жоспардан тыс тексеру кезінде "Астанаэнергосбыт" ЖШС "жеке тұлғалар" категориясы бойынша пайдалануға жаңа берілген тұрғын үйлер бойынша жылу энергиясының көлемін қабылдамай жатқаны анықталды. Компания құрылыс жүргізген мердігерлер нысанды тапсыру кезінде жеке тұлғаларға жылумен жабдықтауға арналған дербес шоттар ашудан бас тартқан", - деп жазылған хабарламада.

Нысан иесі ауысып, құрылыс компаниясы "Астанаэнергосбыт" ЖШС-мен энергиямен жабдықтау келісімшартын бұзған және пәтер иелеріне жаңа дербес шот ашылмаған жағдайда, бұл нысандар келісімшарт жасалмаған нысандар қатарына кіреді, деп нақтылады комитет.

"Астанаэнергосбыт" ЖШС жалпы саны 1 191 пәтер бойынша 3 027,72 Гкал жылу энергиясының көлемін қабылдамай, келісімшарт жасаудан бас тартқаны белгілі болды.

"Осылайша, "Астанаэнергосбыт" ЖШС табиғи монополиялар субъектісі бола тұра, жеке тұлғаларға дербес шот ашудан және жылу энергиясы көлемін қабылдаудан бас тартып, тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметіне қолжетімділіктің тең емес жағдайын туындатып отыр", - деді комитетте.

"Астанаэнергосбыт" ЖШС осы әрекеттерімен "Табиғи монополиялар тралы" заң нормасын бұзып отыр.

Заңнамаға сәйкес табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға реттелетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ, реттелетін қызметтердің әр түрі үшін тұтынушылармен жеке келісімшарттар жасауға міндетті.

Тексеру қорытындысы бойынша "Астанаэнергосбыт" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мекемеге 4 667 200 теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, компанияға он күнтізбелік күн ішінде жеке тұлғалармен келісімшарт жасау міндеті жүктелді.

Жаңалықтар
0