10:22 21 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD429.76
  • EUR518.16
  • RUB5.64
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
175 0 0

Жоспардан тыс тексеру кезінде "ZOLOTO" мейрамханасы карантин талаптарын бірнеше рет бұзғанын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын жүйелі түрде бұзып келген "ZOLOTO" мейрамханасының қызметі бір айға тоқтатылды. Мекеменің кіреберіс есігіне мөр басылған қағаз жабыстырылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 29 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына Тұран даңғылы, 21 мекенжайында орналасқан "Золото_Астана" ЖШС-ға қарасты "ZOLOTO" мейрамханасында жұмыс режимінің бұзылғаны туралы шұғыл хабарлама келіп түскен болатын.

"Жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оның барысында шектеу және карантиндік шаралардың бұзу фактісі расталды. Мекемеге қатысты 319 470 теңге (қысқартылған тәртіпте) сомасына 230 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданып, шектеу және карантиндік шараларды бұзуды тоқтату туралы нұсқама берілген болатын", - делінген хабарламада.

Берілген нұсқамаға қарамастан, 2020 жылдың 6 желтоқсанында мейрамхана қайтадан жұмыс режимін бұзды. Келіп түскен шұғыл хабарлама негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, кәсіпкерлік субъектісі ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 319 470 теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

500-ге жуық адам болған: Нұр-Сұлтанда түнгі клуб полицияға есік ашпай қойды

Карантиндік тәртіп бұзуды тоқтату туралы нұсқаманы орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, іс Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

2020 жылдың 25 желтоқсанында соттың қаулысымен "Золото-Астана "ЖШС заң бұзуды тоқтату туралы ұйғарымды орындамағаны үшін" ZOLOTO " мейрамханасының қызметін 1 айға тоқтатып, 277 800 теңге сомасында әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2021 жылғы 11 ақпанда сот қаулысын орындау мақсатында "ZOLOTO" мейрамханасының кіреберіс есігі мөр басылған қағазбен бекітілді.

Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, мейрамхана
Загрузка...

Басты тақырып