Елорда тынысы

Елордада мұғалімдер жатақханасын салу мәселесі қарастырылып жатыр

© Sputnik / Егор Алеев / Медиабанкке өтуАрхивное фото студенческого общежития
Архивное фото студенческого общежития - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
Жақында Мичуринода жаңа мектеп пайдалануға берілді, енді мұғалімдер жатақхана салып беруді сұрап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Мичурино тұрғын алабында мұғалімдер жатақханасын салу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жақында Мичуринода жаңа мектеп пайдалануға берілді. Ол жерде ескі мектеп болған. Ал жаңа мектеп білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Қазір мұғалімдерді жайғастыру бойынша бірқатар мәселе бар. Себебі қаладан алыстау болып тұр. Мұғалімдер жатақхана салып беруді сұрап отыр. Біз осы мәселені зерделеп жатырмыз", - деді Көлгінов онлайн форматта өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда ірі спорт кешені бұзылуы мүмкін 

Қала басшысының айтуынша, өткен жылы 11 мектеп салынды. Соның ішінде тұрғын алаптарында пайдалануға берілген білім беру нысандары да бар.

"2021 жылы 15 ірі габаритті мектептер саламыз. Бұл 40 мың орын ашуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Көлгінов.

Жалпы, бес жылдық жоспар бойынша 50 мектептің құрылысы жоспарланған.

Жаңалықтар
0