Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда ірі спорт кешені бұзылуы мүмкін

© Photo : сайт акимата столицы"Қазақстан" спорт сарайы
Қазақстан спорт сарайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
Қала әкімінің айтуынша, спорт кешенінің күрделі жөндеу жұмыстары биыл басталып, 2022 жылы аяқталады деген жоспар бар

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов "Қазақстан" спорт кешенін қалпына келтіру жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстан" спорт кешені Алматы ауданының халық тығыз тұратын жерінде орналасқан. Қазіргі кезде ол нысан апаттық жағдайда тұр, пайдалануға жарамсыз. Әсіресе, төбесі және басқа да негізгі конструкциялары тозған. Сол себепті біз жобалық-сметалық құжаттарды әзірледік. Биыл күрделі жөндеуді бастаймыз. Бәлкім, ол ғимаратты толығымен бұзып тастауға тура келеді", – деді Көлгінов онлайн форматта өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

Оның сөзіне қарағанда, кәсіби мамандар ғимаратты қалай және қай жерін бұзу керектігін көрсетеді. Бірақ күрделі жөндеу жұмыстарының биыл басталатыны анық. Ал 2022 жылы аяқталады деген жоспар бар.

"Қала тұрғындары осы мәселеге қатысты жиі сұрақ қояды және жөндеу жұмыстарын тезірек аяқтауды сұрайды. Өйткені, спорт кешеніне көп адам келеді. Бұл жерде жастар да жиі болып, спортпен айналысады. Сондықтан біз бәрін дұрыстап, оны қайта ашып береміз", – деп атап көрсетті Көлгінов.

Оқи отырыңыз: "Келесі жолы жарысқа қатысамын": Спорт министрі жұртты таңғалдырды

Айта кетейік, "Қазақстан" спорт кешені 2001 жылы ашылған болатын. Мұз айдынына 4 мың адам сыяды.

Жаңалықтар
0