Елорда тынысы

Көлгінов Нұр-Сұлтан тұрғындарымен кездесуінде ағылшын тілінде сөйледі – видео

© Photo : Акимат Нур-СултанаАким Нур-Султана Алтай Кульгинов провел совещание с медиками столицы
Аким Нур-Султана Алтай Кульгинов провел совещание с медиками столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
Шетел азаматы елорда әкімімен онлайн кездесуде демалыс және мереке күндері Нұр-Сұлтандағы көлік қозғалысын шектеуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен есептік кездесуді онлайн режимінде өткізді. Тіпті олардың бірімен ағылшын тілінде сөйлесті.

Қала тұрғындарының бірі – Диего Амадо деген шетел азаматы әкіммен сұхбатында Нұр-Сұлтанға Мадридтен келгенін және соңғы төрт жыл бойы Қазақстанның астанасында тұрып жатқанын жеткізді. Амадо Мадридте адамдар серуендеп, велосипедпен жүру үшін демалыс және мереке күндері қала орталығы жабылатынын айтып, осы тәжірибені қарастыруды ұсынды. Оның пікірінше, бұл қаланың экологиясын жақсартуға септігін тигізеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

"Диего, қайырлы таң! Алдымен іс-шараға қатысқаныңыз үшін алғыс айтамын. Қаланы көркейтуге атсалысып жатқаныңызға қуаныштымын. Біз әлемдегі қалалардың тәжірибесіне назар аударамыз. Біздің "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" деген бас жоспарымыз бар. Осы жоспарда үш негізгі идея қамтылған: біріншіден, қала таза, екіншіден, тұрақты және өмір сүруге жайлы болуы керек. Сіз жаяу жүргіншілерге көбірек мүмкіндік жасауды ұсынып отырсыз, солай ғой? Презентацияда көргеніңіздей, осындай жоспарлар бар. Жобаларымызға қатысуға шақырамын. Біздің командамызға қосылатын болсаңыз, тек қана қуанамыз", - деді Көлгінов.

Диего Амадо жобаларды жүзеге асыруға атсалысып, өз тәжірибемді бөлісуге дайынмын деп жауап берді.  
 

Жаңалықтар
0