Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда тұрғындардың өміріне қауіп төндіргендер кешірім сұрады – видео

© Sputnik / Абзал КалиевСолнце просвечивает сквозь ажурную конструкцию Байтерека
Солнце просвечивает сквозь ажурную конструкцию Байтерека - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2021
Жазылу
Ұтыс ойынына қатысқандар маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтамай, вирустың таралу қаупін арттырды

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан — Sputnik. Нұр-Сұлтанда ұтыс ойынын өткізу үшін 2 мың адамды жинаған кәсіпкерлер қала тұрғындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Еске сала кетейік, 7 ақпанда гүлдер орталығы жаңа филиалдың ашылуына орай Мәңгілік ел даңғылында ұтыс ойынын ұйымдастырған болатын. Салдарынан көп адам жиналып, кептеліс пайда болды. Ал қатысушылар маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтамай, вирустың таралу қаупін арттырды.

Бұқаралық іс-шараны ұйымдастырғандар қала тұрғындарынан кешірім сұрады.

"Romantic" гүлдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан кешірім сұрайды. Болған оқиға үшін барлық жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Іс-шараларды өткізу үшін қойылатын талаптар мен бас санитар дәрігердің нұсқамасы бұзылды. Қаламызға және жұртшылыққа келтірілген қолайсыздықтар үшін жауапкершілікті көтеруге дайынбыз. Бұл іс-шара әкімдіктің және басқа да мемлекеттік органдардың келісімінсіз өткізілді. Біз қалыптасқан жағдайдың ауырлығын түсінбедік", - деді қала тұрғындарына гүл орталығының атқарушы директоры Темірлан Кенжебаев.

"Көлік пен телефон береміз": Нұр-Сұлтанда ұтыс соңы немен аяқталды

Дүкен иелері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға 230 АЕК немесе 670 910 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Кәсіпкерлер кінәсін мойындап, айыппұлды 7 күн ішінде өтеуге келіскендіктен, төлем мөлшері 115 АЕК немесе 335 455 теңге болады.

Жаңалықтар
0