Елорда тынысы

"Бізге ақы төлесін": астаналықтар 20 жылдан бері электр желісіне шағымданып келеді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуЭлектромонтер
Электромонтер - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2021
Жазылу
Бірқатар көше тұрғындары бұл аймақта онкологиялық аурулардың салдарынан шамамен он адам көз жұмғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Елордадағы аудандардың бірінде тұрғындар орнатылған жоғары вольтті электр таратқыш сымдардың салдарынан онкологиялық және созылмалы ауруға ұшырап жатқандарын айтып шағымданды.

Жоғары вольтті электр таратқыш сымдарға жақын орналасқан көшелердің барлық дерлік тұрғыны онкологиялық немесе созылмалы ауру бойынша ауруханада есепте тұрады. Бұл жөнінде "Астана" телеарнасы хабарлады.

"Мен инсульт те, инфаркт та алдым. Біздің көшеде обыр ауруынан он адам көз жұмды. Енді біздің кезегіміз келді. Бұл мәселеге қатысты шара қабылдап, Семей полигонына жақын тұратындар адамдарға арналған өтемақы секілді бізге де зиянды аймақта күнелтіп жатқанымыз үшін ақы төлесін. Біздің жағдай полигоннан еш кем емес. Барлық адамдар зардап шегуде. Тіпті немерелеріміз де ауырып жатыр", – дейді астаналық Ораз Садуев.

Жергілікті тұрғындардың әкімдікке шағымданғанына жиырма жылға жуықтаған. Нәтижесінде, қала әкімшілігі тәуелсіз зертханада сараптама жүргізу үшін қаражат бөлді. Зертхана мамандары бұл ауданда радиация деңгейі нормадан жүз есе көп екенін растады. Бірақ, Ақмола электр желілік таратқыш компаниясы көрсеткіштік дәлдігіне күмән келтіруде.

"Адам тұруға тыйым салынған норма бір метр үшін 20 киловольт болса, мұнда 2 000. Бұл 100 есе артық деген сөз. Төлқұжат мәліметтеріне сәйкес, бұл аппараттың өлшеу шегі шаршы метр үшін 100 киловольт. Аспап өз мүмкіндігінен артық мәліметті көрсете алмайды" – деді "Ақмола электр желілік таратқыш компаниясы" АҚ бас инженері Александр Сырвачев.

Компаниядағылар электр магниттік өріс кернеуіне қайтадан өлшеу жүргізілетінін мәлімдеді.

Айта кету керек, бұл электр желілері жаңа астананы салу кезінде қосымша энергия үшін 1990-шы жылдары асығыс әрі шұғыл төселген болатын. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, радиация жанында тұру қауіпті болған соң, оларды басқа жаққа көшіреміз деп уәде еткен.

Оқи отырыңыз: Тоқаев атом электр станциясы салына ма деген сұраққа жауап берді

Жаңалықтар
0