Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда алаяқтар әкімдік қызметкері атынан хабарласып жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках
Деньги в руках - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция алаяқтар қоңырау шалып, ақша ұсынса, бірден тәртіп сақшыларына хабарласуды сұрады

АЛМАТЫ, 20 қаңтар – Sputnik. Елордалықтарға алаяқтар хабарласып, бес мыңнан миллион теңгеге дейін ұсынып жатыр.

"Елорда тұрғындарына әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері атынан телефон шалып, басқарма атынан 5 мың теңгеден бір миллион теңгеге дейін мөлшерде ақша ұсынуда. Бұл үшін картаға қомақты қаржы сомасын аударуды талап ететін алаяқтардың әрекеттерінен сақтануды сұрайды", - деп хабарлады қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @upravlenie_zanyatosti

Сондай-ақ, мұндай жағдай болса, бірден полицияға хабарласуды сұрады.

Әлеуметтік көмек тұрғындардың жеке (карталық) шотына ақшалай қаражат аудару арқылы қандайда бір құжаттарды талап етпестен жүзеге асырылады. 

Тізімдерді қалыптастыру әлеуметтік төлемдер орталығы мен тиісті мемлекеттік органдардың мәліметтер негізінде жүзеге асады.

Атаулы және мерекелік күндерге әлеуметтік көмек жылына бір рет, тек қана бір негіздеме бойынша жүзеге асады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан полициясы өткен жылы алаяқтық үшін 97 адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты. Қылмыстың басым бөлігі интернетте тауарлар мен қызметтерді сатып алу-сату бойынша жасалды.

Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін ұрлау бабы бойынша бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарға тартылады. Алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы да қарастырылған. Сондай-ақ, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеледі не сол мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Жаңалықтар
0