06:16 07 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD419.66
  • EUR500.44
  • RUB5.62
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
541 0 0

Елорда әкімдігі қала тұрғындары спортпен шұғылданып, демалуы үшін биыл қандай жаңа нысандар салынатыны туралы хабарлады

АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі қала көлеміндегі абаттандыру жұмыстарының жоспарын жариялап, қала тұрғындарына жайлы болу үшін 2021 жылы қандай нысандар бой көтеретінін хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, қалалық саябақтар жасыл артерияға біріктіріледі, яғни велосипедшілер мен жаяу жүргіншілер жолы бірігеді. Су бетіндегі қалқымалы жағалау, скейт-парк, көше кинотеатры, жаңа қалалық жағажай, спорт павильондары салынады.

"Саябақтар мүмкіндігі шектеулі жандарды ескере отырып салынады. Жобада Есіл өзенінің бойында ұзындығы 16 километрге жуық жаяу жүргіншілер аймағы мен веложол салу көзделген, парктердің жалпы ауданы – 360 гектар. Елорданы одан әрі дамыту "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" мастер-жоспарына енгізілген", - деп хабарлады қала әкімдігі.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновпен кездесу барысында спорт федерацияларының басшылары саябақтарда спортшылар мен басқа да спортпен шұғылданатын адамдар киім ауыстырып, спорт жабдықтары мен заттарын салатын орындардың болмауы мәселесін көтерді. Осылайша, саябақтарда спорт павильондарын ашу жоспарлануда. Ол ең алдымен триатлон-паркте салынады. Онда киім ауыстыратын бөлмелер, душ және жаттықтырушылар мектебі болады.

"Нұр-Сұлтан әкімдігі 2020 жылы пандемияға қарамастан қаланы абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Жалпы алғанда 760 мың шаршы метрден астам аула абаттандырылды. Бұл – 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар). Қаланың ескі бөлігіне баса назар аударылды", - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

Елорданың жас тұрғындарының өтініші бойынша алғаш рет Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанында көпірдің астында орналасқан скейт-алаң ашылды. Сондай-ақ, стритбол алаңы, үстел теннисі алаңы және workout аймағы бар. Биыл оқушылар сарайының жанында тағы бір скейт-парк ашылады.

Сонымен қатар президент саябағында қалқымалы тақтай жағалауы орнатылады. Ақбұлақ өзенінің жағалауы абаттандырылады, онда жаңа қалалық жағажай салынады.

"Біз қала тұрғындарының қажеттіліктерін ескереміз. Тұрғындар жаяу серуендеуді, жалпы спортты жақсы көрді. Мысалы, өткен жазда алғаш рет ашылған жаңа сахна арт-кеңістігін алайық. Қазір олар қала тұрғындарының сүйікті орындарының біріне айналды. Салауатты өмір салты идеясын насихаттау өте маңызды. Біріккен парктер инклюзивті болады, яғни халықтың барлық тобының қажеттіліктері назарға алынады", - деп атап өтті урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

Сонымен қатар саябақ аумағында ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанда тегін білім беретін жеке мектеп ашылады
Елордада оң және сол жағалауларды жалғайтын екі көпір салынады
Нұр-Сұлтанда тағы екі базар салынады – әкім жобасын көрсетті
Загрузка...

Басты тақырып