17:50 24 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
1438 0 0

Тұрғындар арасында медициналық мекемеге жүгінушілер саны артқан, қаланың бас санитар дәрігерінің айтуынша, бұл халықтың жауапкершілікті сезінгенін және коронавирус салдарын дұрыс бағалайтынын көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Елордада коронавирус жұқтырғандар көбейетін болса, қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.

Бейсенованың айтуынша, қаңтардың бірінші онкүндігінде елорда "сары" және "қызыл" аймақтың шегінде тұр.

"Қазір қала "сары" аймақта тұрғанына қарамастан, науқастардың көбейгені байқалады. Бұл бір жағынан коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тесттің екі есе артқанына, екінші жағынан, қала тұрғындарының жаңа жылдық мереке күндері шектеу шараларын сақтамағанына байланысты", - деді ол.

Сонымен қатар қаланың бас санитар дәрігері коронавирус жұқтырғандар саны өскен жағдайда қосымша карантиндік шектеу шаралары қабылданатынын айтты. Сондай-ақ, тұрғындар арасында медициналық мекемеге жүгінушілер саны артқан, бұл халықтың жауапкершілікті сезінгенін және коронавирус салдарын дұрыс бағалайтынын көрсетеді.

"Өз бетінше емделуге болмайды. Адам өзін, туыстарын, жақындарын қорғауы үшін санитарлық нормаларды қатаң сақтауы қажет, медициналық бетперде тағуы қажет", - деп қорытындылады санитар дәрігер.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 692 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды, оның ішінде 67 адам – елорда тұрғыны. Пандемия басталғалы елде 163 711 адам инфекция жұқтырды.

Қазір "қызыл" аймақта Қостанай және Ақмола облыстары тұр. "Сары" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау және Павлодар облыстары.

Кілт сөздер:
үндеу, карантин
Загрузка...

Басты тақырып