Елорда тынысы

Елордада 2020 жылы 7,4 миллиард теңге қазынаға қайтарылды

© Sputnik / Абзал КалиевАнтикоррупционная служба Казахстана
Антикоррупционная служба Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласы аумағында өткен жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысты 192 қылмыстық іс тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің астаналық департаментінде 2020 жылғы жұмыстың қорытындысы шығарылды. 97 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны хабарланды.

Оның алтауы республикалық деңгейде, төртеуі облыстық деңгейде қызмет атқарды. Сотқа 45 азаматтың ісі жіберілді, оның 25-іне үкім шығарылды.

Оқи отырыңыз: Пара бергендер төлейтін айыппұл мөлшері артты 

"Көптеген эпизодты істер аяқталды. Өңірлік электр желілері компаниясының (РЭК) шенеуніктеріне қатысты үкім шықты. Горький атындағы орыс театрының лауазымды тұлғалары мен бұрынғы денсаулық сақтау вице-министріне қатысты іс аяқталды. Астана халықаралық әуежайының лауазымды тұлғалары сотталды. "Сергек" ісі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты іс те сотқа жіберілді", - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық департаменті.

Ведомствоның мәліметінше, өткен жылы департамент қызметкерлерінің іс-әрекетінің арқасында республика қазынасына 7,4 миллиард теңге қайтарылды. 47 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды – олардың жартысынан көбі басшылық қызметтер атқарады.  

Жаңалықтар
0