Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда алып аққала тұрғызылды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневСфера Нур-Алем на территории EXPO 2017
Сфера Нур-Алем на территории EXPO 2017 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары 10 метрлік аққала жасауға бюджет қаржысы бөлінбегенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласындағы Көктал саябағында ең үлкен аққала салынды. Оның биіктігі - 10 метр, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты

Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Әбдірахман Дәуленбаевтың айтуынша, алып аққаланы тұрғызуға бюджет қаржысы бөлінген жоқ. 

"Елорда әкімдігі және Сарыарқа ауданы тұрғындарының ынтасы мен бірлескен күш-жігері арқасында салынды. Қазірдің өзінде ол ауданымыздың да, қаламыздың да көрікті жеріне айналды. Жоба авторы — белгілі мүсінші-суретші, "Қазақ елі" монументінің авторы Сембіғали Смағұлов", - дейді Дәуленбаев.

Ал урбанистика орталығының жетекшісі Елнар Базыкен аққаланың қаңқасыз жасалғанын жеткізді.

"Аққаланы жасау кезінде қиындық болды. Өйткені қатты аяз салдарынан қар дұрыс жабыспай, құм сияқты шашылды. Оның биіктігі - 10 метр, мойынорағышының ұзындығы — 20 метр. Ал қалпақтың орамы - 5 метр", - деді Базыкен.

Елордада салынған аққала Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда ең үлкен аққала деген атаққа ие болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0