Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда полицейлер көлік ұрысын ұстады

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуМужчина имитирует вскрытие автомобиля, иллюстративное фото
Мужчина имитирует вскрытие автомобиля, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті иелері ашық қалдырған көліктерден электрсорғыш, үш ұялы телефон және автомагнитолоның колонкасын ұрлаған

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар — Sputnik. Нұр-Сұлтанда полицейлер көлік ұрысын бір сағат ішінде ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.  

5 қаңтарда түнгі уақытта полицияға Кравцов көшесіндегі үйдің тұрғыны хабарласып, мас ер адамның аулада тұрған көліктерді тінтіп жүргенін айтқан. Күдікті иелері ашық қалдырған көліктерден екі рет ұрлық жасаған. Атап айтқанда, көлік ұрысы электрсорғышты, үш ұялы телефонды және автомагнитолоның колонкасын ұрлаған.

Бейнебақылау камерасы арқылы полицейлер ер адамның белгілерін және беталысын анықтаған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында патрульдік полиция қызметкерлері 1 сағат ішінде күдіктіні ұстады.

Оқи отырыңыз: Шымкенттік қарапайым сызғыш көмегімен 11 көлікті ұрлап кетті

Ұрланған заттар – электрсорғыш, үш ұялы телефон және автомагнитоланың колонкасы күдікті жасырып қойған жылу трассасы құбырының астынан табылды.

Осы факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Елорда аумағында бұған дейін жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.  

Жаңалықтар
0