Елорда тынысы

Елордада супермаркеттер тәулік бойы ашық болады

© Sputnik / Абзал КалиевПосетители закупаются продуктами перед "карантинными выходными" в торговой сети
Посетители закупаются продуктами перед карантинными выходными в торговой сети - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аумағы 2 мың шаршы метрден асатын супермаркеттер мен гипермаркеттердің жұмыс уақыты шектелмейді. Келушілер саны 30% -тен аспауы керек

НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 25 желтоқсаннан бастап гипермаркеттер мен супермаркеттер тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат алды. 

Елорда әкімі Алтай Көлгінов үлкен кезектердің пайда болуына жол бермеу үшін жаңа жылдық мерекелер қарсаңында объектілерді тәулік бойғы жұмыс режиміне ауыстыруға рұқсат беруді тапсырды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Министр жоғары сынып оқушылары үшінші тоқсанда қалай оқитынын түсіндірді 

"Мереке қарсаңында дүкендерде келуші саны көбейгені байқалып отыр. Үлкен кезектердің пайда болуына жол бермеу үшін қаулыда жаңа жұмыс кестесі белгіленді", - деді қаланың санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Оның айтуынша, аумағы 2 мың шаршы метрден асатын супермаркеттер мен гипермаркеттердің жұмыс уақыты шектелмейді. Келушілер саны 30% -тен аспауы керек.

Жер-жерлерде объектілердің басшылары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып жұмысты ұйымдастырады.

Жаңалықтар
0